A - Размер шрифта A +

Навигация

Информация



Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 786

Информация

Информация

 

Қарасай ауданы әкімдігінің  2019 жылғы «___»___________

№ ____ қаулысымен

бекітілген

 

 

Қарасай ауданында көп балалы отбасының балаларын
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
жұмсаған шығындарын өтеу
қағидалары
1. Жалпы ереже

 

           1. Қарасай ауданында көп балалы отбасының балаларын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Бiлiм  туралы» заңына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмекке мұқтаж көп балалы отбасының балаларына, оларды мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелену кезеңінде жұмсалған шығындарын өндіріп алу тәртібін айқындайды.   

           2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

           1) көп балалы отбасы – бірге тұратын (уақытша басқа жақта жүргендерді қосқанда) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасы;

           2) комиссия – Қарасай ауданы әкімдігінің қаулысымен, отбасының арызын қарау бойынша құрылатын комиссия;   

           3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс;

           4) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;   

           5) уәкілетті орган – «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

           6) алушылар – ата-аналар.

2. Қарасай ауданында көп балалы отбасының балаларын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі

           1. Шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап комиссия қорытындысы бойынша толықтай оқыту мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

           2. Шығындарды өтеу келесі жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады: 

           1) оқыту мерзімінің аяқталуы;

           2) баланың қайтыс болуы.

           3. Шығындарды өтеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы айсайын мектепке дейінгі ұйымдардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

           4. Көп балалы отбасы қаржылай шығындарды өтеуді алу үшін алушы өзінің атынан уәкілетті органға немесе аудандық маңызы бар, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішке қоса мынадай құжаттарды:  

           1) жеке басын куәландыратын құжатты;   

           2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

           3) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;   

           4) алынған табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін алушылардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);  

           5) азқамтылған отбасының статусы туралы әлеуметтік көмек саласындағы уәкілетті органның анықтамасы.

           5. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

           6. Шығындарды өтеуге өтініш келіп түскеннен бастап уәкілетті орган немесе аудандық мағызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі алушының құжаттарын екі жұмыс күні ішінде комиссияның қарауына ұсынады.

           7. Комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және шығындарды өтеу туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға жолдайды.

           8. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) алушыны жазбаша хабардар етеді.

           9. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

           1) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

           2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

           9. Жан басына шаққандағы орташа табыс, күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы шығындарды өтеуге қаражат тағайындауға (өтініш берген айды қоса алғанда) өтініш берген сәтке дейінгі табыс сомасын жыл басынан айлар санына және отбасы мүшелерінің санына да бөлу жолымен анықталады.

3. Қорытынды ережелер

           Қарасай ауданында көп балалы отбасының балаларын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға жұмсалған шығындарды тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Приложение