A - Размер шрифта A +

Навигация

Противодействие коррупции

Информация







Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 884

Информация

Информация

ТЕЗИС акима Карасайского района

Қарасай ауданының әкімі

 Ж. Е. Далабаевтың

«2019 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық
даму қорытындысы және 2020 жылға міндеттері

туралы» аудан тұрғындарымен есеп беру

кездесулеріндегі есепті баяндамасының желісі

 

Қадірменді жерлестер!

 

Аудан әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы Президентінің  2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес өткізілетін барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындардың алдында есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.

2019 жылдың 15 қаңтарынан 1 ақпанына дейін, барлығы 50 есептік кездесулер өткізіліп, оған 7321 азамат қатысты, 182 сөз сөйледі.

Барлық деңгейдегі әкімдердің ағымдағы жылғы есеп беру кездесулерінде 42 ұсыныс пен ескерту келіп түсті, олардың барлығы әлеуметтік сипатта болды, соның ішінде 14 сауал – жол құрылысы мен жөндеуден өткізу бойынша, 6 – білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеуден өткізу және салу жөнінде, 6 –  абаттандыру мәселесі, санитарлық және экологиялық жағдай бойынша, 8 – елді мекендерді электрлендіру, газдандыру, телефон байланысымен қамтамасыз ету жөнінде, 2 – таза су мәселелері бойынша, 1 - жер мәселелер бойынша, 5 –  басқа мәселелер бойынша.

Есеп беру қорытындылары бойынша, барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс–шаралар жоспарлары жасалып, бекітілді.

Аудан әкімінің есепті кездесулері жөніндегі  іс–шаралар жоспарларына тұрғындардың 14 ұсынысы енгізілді. Осы ұсыныстар мен ескертулерді жою барысында жергілікті атқару орындарында ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.

Есепті кездесулердің қорытындылары бойынша, қала және ауылдық округ әкімдерімен 28 шара жоспарланған. Оның барлығы жүзеге асырылды.

Есеп беру кездесуіндегі тұрғындардың  ескертулері мен ұсыныстарын іске асыру мәселесі аудан әкімінің отырыстарында қаралды. Тұрғындардың ескертулері мен ұсыныстарының іске асырылуы туралы ақпарат ауданның газет бетінде жарияланды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Өткен 2019 жылы ауданда экономикалық, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық сақтау және мәдениет саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданның  әлеуметтік-экономикалық  көрсеткіштерінің даму болжамы ойдағыдай орындалды. Атап айтсақ:

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 269,3 млрд теңге немесе былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 45,2 млрд теңгеге артық орындалды, (2018ж. 11 ай – 224,1 млрд тг) нақты көлем индексі 110,2%. Алматы облысы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 31,4%.

Өнеркәсіптің дамуы бойынша ауданда 18 ірі өндірістік кәсіпорындар, ал сапа менеджменті және халықаралық стандарт ИСО жүйесі бойынша 16 өнеркәсіп мекемелері, сонымен қатар 6 жүйе құраушы кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісін дамыту мақсатында ауылшаруашылығы саласында тиімді жұмыстар атқарылды. Жалпы ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі 54,9 млрд теңге болса, (2018ж. 11 ай – 48,0 млрд тг), нақты көлем индексі 103,2% жетіп отыр. Облыстық жалпы өнімдегі үлесі – 6,9 %.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жердің көлемі 75 мың 328 га, оның ішінде егістік айналымы жердің көлемі 31 мың 828 га, оның ішінде суармалы жер көлемі 9 мың 858 га, шабындық 1932 га.

Электронды картаға енгізуге жоспарланған 26 329 га жалпы жайылым жер, 1603 га жеміс ағаштарының жері толық 100% енгізілді.

2019 жылдың қаңтар – қараша айларында 18,0 мың тонна ет өнімі өндіріліп былтырғы жылмен салыстырғанда 7,8% - ға өсті (2018 ж. 11 ай – 16,7 мың тн)

Осы жылы экспорттауға жоспарланған 50 тонна еттің, бүгінгі күнге дейін 100% немесе 50 тоннасы толық орындалды.

Өндірілген 73,8 мың тонна сүт өнімі, 102,0  пайызға орындалды.

251,1 млн. дана өндірілген жұмыртқа өнімі 100,5 пайыздық көрсеткішке жетіп отыр.

Бүгінгі күнге дейін ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 266 млн. теңге болатын несие 59 адамға берілді.

Ағымдағы жылы «Евразиян грин продукт» (EURASIAN GREEN PRODUCT) ЖШС – гі 5,6 млрд теңге инвестицияға 5,1 га жерге жылыжай салу жоспарланып, бүгінгі күні 2 млрд 112 млн. теңге инвестиция құйылды. «Агро Ферма Керуен» ЖШС-і 40,0 га жер теліміне алма бағын отырғызды, инвестиция көлемі 500 млн. теңге. «АгроИмпэксАлатау» ЖШС-і 3,0 га жер теліміне өнеркәсіптік жылыжай салуда,  инвестиция көлемі  1 млрд 749млн. теңге.

Қаңтар – қараша айларының қорытындысы бойынша Қарасай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын 14 мың 509 субъект тіркелген. Шағын кәсіпорындар саны – 2 мың 589, жеке кәсіпкерлер саны – 9960. Ауылшаруашылығы саласында 1960 нысан жұмыс істеуде. Бүгінгі күні кәсіпкерлікте 66 мың 380 адам жұмыс істейді, олардың орта жалақы мөлшері 110 мың теңге. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 14,6 млрд. теңге.

Елтай ауылдық округінде ағымдағы жылы қуаттылығы жылына 1200 тонна дайын өнім өңдейтін,  81 жұмыс орнына арналған, инвестиция көлемі 760 млн. теңгені құрайтын «Қалқан - 7» металл өңдеу зауыты мен профнастил, черепица өнімдерін өндіретін 10 жұмыс орнына арналған, инвестициялық құны 200 млн. теңгелік «Болашақ Қаз Металл» ЖШС – гі іске қосылса, осы жылдың аяғына дейін Қаскелең қаласында орналасқан, жалпы инвестиция көлемі 500 млн. теңге, жаңа жұмыс орындары 40 адамға арналған «Мадонна» қонақ үйі мен мейрамхана кешенінің ашылуы күтілуде.

Инвестиция саласы бойынша негізгі капиталға 112,4 млрд теңге инвестиция тартылып,  былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,5 млрд теңгеге артық орындалған. Нақты көлем индексі 100,8%. Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 21,5%.

Тұрғын үйлерді іске қосу бойынша 178,1 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Берілген 178 мың 500 шаршы метр жоспардын 99,8 % орындалды. Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы 21,3 %.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 34,8 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6 млрд. теңгеге артық орындалған, (2018ж.11 ай – 31,2 млрд. тг). Нақты көлем индексі 118,1%. Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 14,1%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 138,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 23,7 млрд. теңгеге немесе 20,7%-ға өскен. Нақты көлем индексі 112,4%. Бұл көрсеткіш бойынша облыс көлеміндегі ауданымыздың үлес салмағы – 28,3%.

Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 63,1 млрд. теңгені құрады, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 144,60%. (Республикалық бюджетке – 45,4 млрд. теңге, 97,9%.

Жергілікті бюджетке – 17,7  млрд. теңге, 100,2%.

Меншікті кіріске – 13,8 млрд. теңге, 99,9% ).

2019 жылдың 1 желтоқсанға  дейінгі салықтық берешек 1356,0 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар – қараша айларының қорытындысына сәйкес аудан бюджетінің шығындары 28,2 млрд. теңгеге немесе 99,3%-ға игерілді.

Халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысқа орналасуға 2811 адам өтініш білдірді, оның ішінде бүгінгі күнге 2258  адам жұмысқа орналастырылды. 3690 жаңа жұмыс орындары ашылды. Орташа еңбекақы – 145 мың 009 теңге мөлшерінде белгіленіп отыр.

2018 жылдың 5 қазанындағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Жолдауда Мемлекет басшысы ел дамуының 6 басым бағытын айқындады. Олардың бірі халық табысының өсуі, ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейту мақсатында қосымша республикалық бюджеттен 575 млн 743 мың теңге бөлініп, қазіргі таңға 2077 бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің жалақылары өсті.

Білім саласы бойынша ауданымызда орта білім беру саласында 55 мектеп бар. 2019 – 2020 оқу жылында 62 299 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылмен салыстырғанда 5 164 оқушыға өскен. Білім сапасы 2018 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға өсіп 63,7% жетті  (2018ж. – 55,4%). 

Биылғы оқу жылында ауданымызда 11 үш ауысымды мектептер жұмыс істеуде.

Үш ауысымды оқуды жою мақсатында 3 мектептің жапсаржай құрылысы аяқталып қолданысқа берілді. (Керімбеков, Мәметова атындағы орта мектептерге 300 орындық жапсаржай, Абай ауылындағы орта мектепке 600 орындық жапсаржай  құрылыстары).

Бүгінгі күні Шамалған бекетіндегі Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 600 орындық жапсаржай құрылыс жұмыстары жүргізілуде.               

Сонымен қатар 5 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы дайын болып, қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде (Үштерек  600 орындық, Батан ауылына 450 орындық, Шамалған бекеті, Іргелі, Алмалыбақ ауылдарындағы мектептерге 600 орындық жапсаржайдың құрылыстары). Ал қалған 2 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы  әзірленуде. (Жармұхамбет және Бұлақты ауылдарына 600 орындық жаңа мектеп құрылысы)

 Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік аясында жобалық құны шамамен 3,9 млрд теңгені құрайтын Әйтей ауылындағы 1200 орындық мектептің құрылысы жұргізілуде, 2020 жылдың ақпан айында ашу жоспарлануда.

 Барлық балабақша саны – 118.

 Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу деңгейі – 98,5%.

 Денсаулық сақтау саласы бойынша аудан тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық аурухана, 19 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункті, 8 медициналық пункті және 10-нан астам жеке меншік денсаулық сақтау мекемелері, оның ішінде 5-і мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуде.

Халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімдігін арттыру мақсатында (қадамдық қолжетімділік) биылғы жылы Батан ауылында 25 келушіге арналған жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.

Сонымен қатар биылғы жылы орталық ауруханаға жалпы сомасы 476 млн. теңгеге компьютерлік томограф,  маммографиялық аппарат және рентген қондырғысы сатып алынды.

 Мәдениет саласы бойынша

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асқан мәдени әрі рухани іс шара Қарасай ауданының 90 жылдығымен тұспа-тұс келді. Мерейтойдың құрметіне орай, өңірімізде жыл басынан бастап көптеген жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде көптің көңілін өзіне аудартқан нысандардың бірі – аудандық мәдениет үйінің алды. Мекеме алаңына күрделі жөндеу, абаттандыру жұмысы жүргізіліп, құрылысы толық аяқталды. Бұрынғы бейнесінен көрікті көрініске айналған алаң енді «Жастар саябағы» деп аталды. Саябаққа Қорқыт атаның ескерткіші, махаббат монументі және балаларға арналған ойын алаңдары да орнатылды. Келешекте аудан көлемінде өтетін барлық мерекелік іс-шаралар осы «Жастар саябағында» өткізілетін болады.

Сонымен қатар, ауданымыздың орталық алаңында жаңадан бой көтерген қазақ жерін жоңғар шапқыншылығынан азат етуде ерлігімен танылған Қарасай батырға еңселі ескерткіш қойылды.

Шамалған мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына өзіңіздің тікелей қолдауыңызбен қаражат бөлініп, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

Автомобиль жолдары бойынша жобалау құны 9,1 млрд. теңгені құрайтын республикалық маңызы бар Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан «Алтын Орда» базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы  5,5 млрд. теңгенің игерілуі көзделуде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудандық маңызы бар ұзындығы 29 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 757,2 млн. теңге қаржы игерілді.

Құрылыс саласы бойынша Шамалған бекеті, Бекболат Ашекеев, Жандосов, Жамбыл, Береке ауылдарындағы құқық қорғау қызметкерлеріне арналған учаскелік полиция пунктерінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Жалпы сметалық құны 109,7 млн. теңге.

Инженерлік желілер бойынша жалпы соммасы 244,3 млн. теңгеге «Шамалған бекетіндегі жеке тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық желілерін дамыту және жайластыру» оның ішінде автомобиль жолдары» жұмыстарының құрылысы толық  аяқталып, қолданысқа берілді.

 Сонымен қатар "Алматы облысы Қарасай ауданының Шамалған бекетіндегі жеке тұрғын – үй құрылысы инженерлік-коммуникациялық желілерін дамыту және жайластыру". "Сыртқы байланыс желісі талшықты – оптикалық электр беру желісі " нысанына жалпы сомасы 287,6 млн. теңге бөлініп, қазіргі уақытта жұмыстар жүргізілуде, нысанның аяқталуы  2020 жылдың 30 ақпанына жоспарлануда.

«Қаскелең қаласы Қарлығаш шағын ауданының құрылыс аумағынан №113 А және №162 А қолданыстағы 110 кв – әж учаскелерін шығаруға арналған жоба» жұмыс жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Игерілген қаражат 153,7 млн. теңге.

«Алматы облысы Қарасай ауданының Исаев ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік-коммуникациялық желілерді салу, 3-кезең (кенттік жолдар және науалық жауын канализациясы)» нысанының құрылысы жүргізілуде, бөлінген сома 600,9 млн. теңге. Аяқталу мерзім 2020 жылдың бірінші жарты жылдығынды.  

Үйлер

Қарлығаш ықшам ауданында 2019 жылы мемлекеттік қаражатқа 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 372,3 млн. теңге және 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 535,9 млн. теңге қарастырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Орындалу мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айы.

«Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 32,0 га жер теліміне 2 қабатты  520 пәтерлі 130 «таунхаус» үйлерін салуға 24,6 млн. теңгеге жобалау - сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы оңтайлы шықты, құрылыс – монтаж жұмыстарына ашық конкурс өткізілуде.

Ауданның коммуналдық шаруашылық саласында Ауданымыздың 24 елді мекенін сумен қамтамасыз етуге арналған, жалпы сметалық құны 9,4 млрд. теңгені құрайтын Қаскелең су жинақтау топтамасының  құрылыс жұмыстарының 1–ші кезеңі аяқталып, қолданысқа берілді. Аталған жұмыстардың екінші кезеңін аяқтау үшін 200 млн. теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлініп жобалау сметалық құжаттамасы қайта есептеуден өтуде.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс ауылының және Шамалған ауылының сумен жабдықтау жүйесіне 743,8 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге жұмыстар толығымен аяқталды.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешеніндегі жағымсыз иістерді жою мақсатында Абай ауылы кәріз жүйесінің құрылысы және қайта жаңғыртуына 985,9 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың аяғына дейін қолданысқа беріледі.

Құқықтық тәртіп бойынша ауданда 2397 қылмыс тіркелді (2019ж. – қаңтар-қазан), бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5 %-ға аз болса, (2018 ж. – 2770) ал  ауыр қылмыс саны 70,5%-ға немесе 88 қылмысқа дейін өскен (2018ж. - 147). Аса ауыр қылмыс саны былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 15 қылмысқа немесе 188,2%- ға  көбейіп отыр(2018 ж. - 17).

Кадрлар. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс

Аудан әкімі аппаратында және қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарында кәсіптік дайындалған мамандармен қамтамасыз етілген. Оларға тағайындалған қызметінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкері дәрежесіне сай болу туралы биік талаптар жүктелген.

Аудан әкімі аппаратында және қала, ауылдық округтер әкімі аппараттарында 232 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 37 жас. Оның ішінде 213 жоғары білімді, олардың мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 5 жылды құрады, атқарып отырған лауазымда 2 жыл.

Атқару органдары қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі азаматтардың өтініштерімен жұмыс болып табылады. Аталған жұмыс 2007 жылғы 12 қаңтар айындағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

2019 жылы аудан әкімінің атына 2579 өтініштер мен арыздар түсті. Өтініштер мен арыздардың басым көпшілігі тұрғын үй мен жер мәселелері, онан кейінгі мәселелер электрмен, газбен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеуге байланысты. Барлық өтініштер заң бойынша бекітілген мерзімде қарастырылып жауап берілді.

Құрметті жерлестер!

Есеп беріліп отырған өткен жылда көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылды, бірақ бұл біздің мүмкіндіктердіміздің шегі емес. Біздің алдымызда алдағы жылы атқарылар ауқымды жұмыстар көп, біз – Қарасай ауданы тұрғындары, барлық күш-жігерімізді жұмсай отырып ол мәселелердің бәрін оңтайлы шеше аламыз деген сенімдемін.