A - Размер шрифта A +

Навигация

Информация







Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 822

Информация

Информация

Общая

Теміржол ардагерлерінің құрметіне ескерткіш ашылды

Категория: Общая
Дата: 02.10.2019
Просмотры: 32 Печать страницы
Теміржол ардагерлерінің құрметіне ескерткіш ашылды

Теміржол ардагерлерінің құрметіне ескерткіш ашылды

Көксу ауданы, Мұсабек ауылдық округіне қарасты тарихы тереңде жатқан Быжы теміржол стансасына биыл 90 жыл. Айтулы мереке қарсаңында теміржол бекетінің ардагер қызметкерлеріне арнайы ескерткіш орнатылды.

Теміржол стансасы 1929 жылы Түркісіб-Сібір теміржолының 1 418-ші шақырымында құрылып, маңында ағып жатқан Быжы өзенінің атымен аталған.

90 жылдыққа арналған шара барысында ғұмырын, жастық жігерін тоқтаусыз жүретін вагондарға, жолаушылар тасымалына арнаған еңбек иелері - теміржолшылардың рухына тағзым етілді. Аудан басшылары, Алматы жол дистанциясының өкілдері мен теміржолшылардың ұрпақтары жергілікті меценаттар көмегімен тұрғызылған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойып, рухтарға тағзым етті.

Тұрғызылған мемориалдық ескерткішке 150 теміржолшының есімі жазылған. Бүгінгі күні Көксу ауданында 500-ге жуық теміржолшылар қызмет етуде.

Салтанатты жиында сөз алған аудан басшысы:

Түрксіб темір жол магистралінің бір бөлігі Көксу ауданының аумағынан  өтеді. Мыңдаған шақырымға созылған шойынжол талай адамға жұмыс беріп, жолаушы және жүк тасымалын үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.  Сонымен қатар ел экономикасына өлшеусіз үлес қосуда,-деді Алмас Әділ

Айта кету керек, соңғы жылдары мемлекет тарапынан темір жол инфрақұрылымына 800 млрд теңгеден астам инвестиция бөлініп, елімізде 1700 км жаңа темір жол салынды.