A - Размер шрифта A +

Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 545

Информация

Проблема с файлом блока!

Общая

Аудан басшысы – білім ошақтарының құрылыс алаңында

Категория: Общая
Дата: 09.08.2017
Просмотры: 72 Печать страницы
Аудан басшысы – білім ошақтарының құрылыс алаңында

Осы аптаның сейсенбі күні аудан әкімі Махаббат Бигелдиев ауданымыздағы жаңадан салынып жатқан білім ошақтарының құрылыс алаңында болды. Ең алдымен Райымбек округіне қарасты Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебінің жапсаржайына келген аудан басшысы жүргізіліп жатқан құрылыстың сапасына барынша мән беріп, жаңа оқу жылына қалай дайын болатынына баса назар аударды. Бұдан бөлек, Абай және Кемертоған ауылындарындағы оқушылар да биыл жаңа мектепте оқитын болады. Бұл салынып жатқан оқу нысандарының құрылыс жобасы бірдей. 1200 оқушыға арналған екі мектептің де сапасы көз қуантарлық. Ал, Шалқар, Береке, Исаев ауылдарындағы 600 орынға арналған мектептердің құрылысы қызу жүруде. Басты мақсат – білім ордаларын уақтылы, мерзімінде беру. Бірақ, олардың жағдайымен жете танысқан аудан әкімі ішкі әрлеу, тазалау жұмыстарына және мерзімінде үлгеріп тапсыруға байланысты сынын айтты. Оларды тездетіп түзету қажеттігін, мемлекет беріп отырған қаржыны халықтың игілігіне тиімді жұмсау керектігін жеткізді. Мұнан кейін Махаббат Садуақасұлы Жамбыл және Көлащы ауылдарындағы 600 орындық мектептің құрылысымен де танысып, ортақ істің алға басуына өз септігін тигізіп, қолдау жасайтынын алға тарты. Оқушылардың жаңа оқу жылына уақтылы білім ұясына баруы өзінің тікелей назарында болатынын атап айтты.