A - Размер шрифта A +

Навигация

Информация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 603

Информация

Партнеры

Общая

Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Категория: Общая
Дата: 13.11.2017
Просмотры: 119 Печать страницы
Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Биыл біздің елде өткізілген «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің өскенін, әлем елдерінің арасындағы оның беделі жоғары орнын көрсетті. ЭКСПО-ға 4 миллионнан астам адам барды. Оның аясында барлық өңірлерде ұлттық салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды насихаттайтын, өскелең ұрпаққа зор рухани азық боларлық шаралар көптеп өткізілгені белгілі.

Бүгін аудандық әкімдікте бірқатар қарасайлықтар аудан әкімінің орынбасары Н.Сатубековтың қолынан Елбасының бастамасымен Елордада өткізілген «ЭКСПО — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында болған ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді көрсетуге бағытталған ауқымды іс-шараларға ұйымдастыру тұрғысынан ерекше үлес қосқаны үшін Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатын алды. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаева, бұған дейін кәсіпкерлік бөлімін басқарып, жақында ғана аппарат басшысы лауазымына тағайындалған А.Марат, Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Е.Тоқтасынов, «Kagazy Recycling» ЖШС-нің бас директоры В.Горобцова, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Сәрсенов еңбектері еленіп, осындай құрметке ие болды

Источник: Karasayinfo.kz