A - Размер шрифта A +

Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 545

Информация

Проблема с файлом блока!

Общая

К сведению налогоплательщиков

Категория: Общая
Дата: 04.12.2017
Просмотры: 17 Печать страницы
К сведению налогоплательщиков

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні»

 Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тұңғыш Президент күнінің қарсаңында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні» деген тақырыпта дөңгел үстел  өтті. Басқарма басшысы Рахымжан Дильдаевтың бастамасымен ұйымдастырылған жиынға  салық мамандарымен қатар банкі  еңбек ардагерлері  қатысты.

 Дөңгел үстелдің мақсатын сөз еткен басшы,  елімізде Президент күні мерекесінің белгіленуіне қатысты пікірін білдіріп елді дамытудағы Елбасының рөлін, жауапкершілігін атап  өтті.

Мамандар Елбасының  қалыптасып жатқан қазақ елінің басында тұрған және егемен Қазақстанды демократиялық,  зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде дамуына үлесін қосқан Ұлт Көшбасшысы  екендігін тілге тиек етті.       Бұдан әрі жиында сөз алған салық жүйесінің ардагері Садық  Дәулетов Елбасының өмірбаянына кеңінен тоқтала келіп, жастарға жасалып жатқан қамқорлықтың  жоғарылағындығына тоқталды. Сондай ақ, ардагер өзінің сөзінде, Ұлт жоспары – бес институционалдық  реформаны жүзеге асыруға бағытталған қадамдарда   мемлекеттік қызметші боламын деген үміткерлерге талаптың күшейтіліп,   кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған жоспар екендігіне тоқталып  өтті.

Төлеген  Рахметов,

Қарасай ауданы бойынша

 Мемлекеттік кірістер басқармасының

бөлім басшысы


Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

           Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы ,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Төлеген  Рахметов,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бөлім басшысы


Бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды

 

       Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

 

Абзал  Бақытұлы,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


                       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары

       «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы»    Қазақстан Республикасының заңының   4-бабында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары бекітілген, соның  ішінде:
1) заңдылық;
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
3) жариялылық пен ашықтық;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі жəне кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жəрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

Дәурен  Кенжекеев,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың   мақсаты мен міндеттері

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы»  Қазақстан Республикасының заңының   5-бабына  сәйкес  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың   мақсаты мен міндеттері:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:

1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау жəне олардың салдарларын жою;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

Берік  Дуйсов,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


 

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы

  Қазақстан Республикасының  кодексінде белгіленген принциптері

       Салық салудың міндеттілігі принципі

      Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

      Салық салудың айқындылығы принципі

      Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықм міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

       Салық салудың әділдігі принципі

      1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

      2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

       Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

      Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

Қымбат  Жұмабаева,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


                                                         Салық төлеушінің құқықтары

      1. Салық төлеуші:

      1) салық органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;

      2-1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес салықтар бойынша аудит жүргізуге шарт жасасуға;

      2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;

      3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;

      4) салық органында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық нысанда салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;

      5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;

      6) салық органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;

      7) салық органы салықтық өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;

      8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезидент алған кірістердің және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама алуға;

           8-1) есебі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық органдарында жүргізілетін берешектің (бұдан әрі – есебі салық органдарында жүргізілетін берешек) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді сұрау салу бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алуға;

      9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;

      9-1) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға;

      10) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;

      12) осы Кодекске сәйкес салық органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;

      13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;

      14) берілуі Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге;

      15) қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындаудың осы Кодексте көзделген тәртіптерінің бірін таңдауға құқылы.

Данияр  Кавез,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


Салық төлеушінің   міндеттері

      1. Салық төлеуші:

      1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;

      2) салық органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;

      3) нұсқама негізінде салық органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;

      3-1) салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шарт жасалған жағдайда, салық органдарының талап етуі бойынша мұндай шартты және салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны осы Кодекске сәйкес салық органдарына табыс етуге;

      4) Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;

      5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;

      6) дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың, тұрақты мекеменің, бейрезидент заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына (осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге;

      7) алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі);

      8) салық органдарын мынадай жағдайларда:

      әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

      әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етуге міндетті.

      1-1. Тұлғалар және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері:

      1) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алушының қызметі:

      заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;

      қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеуметтанушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;

      аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталған жағдайда, салық органдарын уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспайтын мөлшерде шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде хабардар етуге;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алғаны және жұмсағаны туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуға міндетті.

      Осы тармақта көзделген талаптар:

      1) мемлекеттік мекемелерге;

      2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;

      3) екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;

      4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;

      5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;

      6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      7) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;

      8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;

      9) спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;

      15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға қолданылмайды.

      1-2. Осы баптың 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен жариялайтын, тарататын және (немесе) орналастыратын ақпарат пен материалдарда тапсырыс берген тұлғалар туралы мәліметтер, ақпарат пен материалдардың шет мемлекеттердің, халықаралық және шетелдік ұйымдардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қаражаты есебінен дайындалғаны, таратылғаны және (немесе) орналастырылғаны туралы нұсқау қамтылуға тиіс.

Алтынай Бөлекбаева,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


Надеемся, теперь условия транспортного налога  не вызовут у вас вопросов

 

Налоги на транспорт - это ежегодный платеж, который взимается с собственников моторных средств передвижения. Транспортный налог взимается непосредственно с собственника. Есть некоторые категории граждан, которые имеют право на частичное или полное освобождение от данной выплаты по тем или иным причинам. Чаще всего речь идет о льготниках. В каждом регионе устанавливаются свои правила на этот счет. Так, к примеру, налог на транспорт в Казахстане могут не платить ветераны ВОВ  и Герои Советского Союза.

       Сюда же можно отнести еще и инвалидов (2 и 1 группы), а также компании, которые занимаются обслуживанием людей (в основном перевозкой) с ограниченными возможностями.

     Сроки уплаты налога на транспорт оплачивается до 31 декабря года7

     Узнать налог на транспорт можно несколькими способами. Каждый в праве выбирать то, что ему придется по вкусу.

 Первый вариант развития событий - непосредственное обращение в налоговые органы. Там вам предоставят информацию обо всех ваших задолженностях.

 Второй вариант - использование портала "Госуслуги". Как проверить налог на транспорт при подобном раскладе? Зарегистрируйтесь на данном сайте, а затем в строку поиска после авторизации наберите: "Транспортный налог". Выберите: "Поиск по ИНН" и введите туда свой индивидуальный номер. Можно нажать на "Поиск". Готово - на экране появится информация о вашей задолженности. Все еще думаете, как проверить налог на транспорт? Тогда воспользуйтесь сервисом "Оплата госуслуг". Регистрация не требуется, просто ищите должника по ИНН.

        В электронном кошельке при аналогичном запросе вы увидите долги. Как оплачивать, вы узнали налоги на транспорт.  Сейчас пришло уже множество способов оплаты. Среди них можно рассматривать как наличный, так и безналичный расчет. Второй пользуется большим спросом. Производить оплату налогов (не только на траснспорт) можно при помощи: банка (визит с платежкой, паспортом и деньгами); непосредственно в налоговой (там часто есть или спецтерминалы, или кассы); банкоматов и терминалов оплаты; портала "Госуслуги"; сайта "Оплата госуслуг"; интернет-банкинга; электронных кошельков Достаточно знать реквизиты налоговой, сумму налога, а также предъявить ваши паспортные данные. Чаще всего успехом пользуется интернет-банкинг, а также работа с банкоматами. Надеемся, теперь условия транспортного налога  не вызовут у вас вопросов

Толеген  Рахметов,

Руководитель отдела

УГД по Карасайскому району


Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру

жөніндегі 100 нақты қадам

І. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.
      2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
      3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.
      4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
      5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.
      6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін – жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін – стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін – мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.
      7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу
      8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.
      9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.
      10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

      11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.
      12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.
      13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.
      14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.
      15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Қымбат  Жұмабаева,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


Мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.

 

         Елбасымыздың «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» — баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет бағдарламасы тек қана біздің елімізді емес, бүкіл төрткүл әлемді өзіне қаратты. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы – Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. Айтатын болсақ, «Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған.

     Ұлт Жоспарында мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін Міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру; Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемле­кет­тік қызметкерлердің лауазымдық еңбек­ақы­ларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу міндеттері бойынша нақты тапсырмалар жазылған.

        Ауыстырылатын мемлекеттік қызмет­керлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру, мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру, мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу, шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сек­тордың жекелеген мамандарын, халықара­лық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу, жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау, міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер еліміздегі мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз.

Төлеген  Рахметов,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бөлім басшысы


Әкімшілік жазалардың түрлері


      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту жасау;
      2) әкімшілік айыппұл салу;
      3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;
      4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
      5) арнаулы құқықтан айыру;

      6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
      7) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
      8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
      9) әкімшілік қамауға алу;
      10) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға осы баптың бірінші бөлігінің 1)-8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.

Әкімшілік жазалардың түрлері
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке адамға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
      1) ескерту жасау;
      2) әкімшілік айыппұл салу;
      3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;
      4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
      5) арнаулы құқықтан айыру;
      6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
      7) жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
      8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
      9) әкімшілік қамауға алу;
      10) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды тұлғаларға осы баптың бірінші бөлігінің 1)-8) тармақшаларында аталған әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін.

Абзал  Бақыытұлы,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы


Әкімшілік айыппұл


      1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік  құқық бұзушылық үшін осы Кодекстің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

      2. Осы бөліктің екінші және үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.
      Лауазымды адамға, жеке нотариусқа, адвокатқа, дара кәсіпкерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
      Дара кәсіпкерге және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
      Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.
      3. Осы бөліктің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
      Лауазымды адамға, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ дара кәсіпкерге, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
      Дара кәсіпкерге және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
      Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.
      4. Алғаш рет құқық бұзушылық жасағаны үшін осы Кодекстің ерекше бөлімінің баптарында, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген жағдайларда, көзделген айыппұл мөлшерінің жартысының артығы белгіленуі мүмкін емес.
      Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл мөлшері алдыңғыдан аз және алғашқы құқық бұзушылық жасағаны үшін белгіленген айыппұл мөлшерінен екі есе артық белгіленбейді.

      5. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.
      6. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.
      7. Дара кәсіпкерлерді шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне, заңды тұлғаларды шағын немесе орта, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңында белгіленген талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. Әкімшілік айыппұл тағайындалған кезде тиынмен есептелген барлық сомалар әкімшілік айыппұлды тағайындау туралы қаулыда тиынның сомасына қатыссыз нөл теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.

 

Қымбат  Жұмабаева,

Қарасай ауданы бойынша

МКБ бас маманы