A - Размер шрифта A +

Навигация

Информация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 647

Информация

Партнеры

Общая

Cалық төлеушіліердің назарына!!!

Категория: Общая
Дата: 25.08.2018
Просмотры: 20 Печать страницы
Cалық төлеушіліердің назарына!!!

Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы еліміздің экономикасына үлкен нұқсан келтіре отырып, халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Спиртті ішімдіктерді сақтау және сату саласында «көлеңкелі» кәсіптің үлесі төмендеп келеді, алайда Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы арақ-шарап өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау мақсатында ауданымызда жүйелі түрде тақырыптық тексерулер жүргізуде. Негізгі мақсат: есепке алу-бақылау маркаларының бар екендігін және түпнұсқалығын анықтау, алкоголь өнімдеріне ілеспе құжаттардың болуын және де бастысы  алкоголь өнімдерін сатуға мемлекеттік лицензияның болуы. Карасай ауданыда  2018 жылдың 7 ай қортындысы бойынша жалпы 75 519 бөтелке (48 233 литр) алкоголь өнімдері тәркіленді атап айтсақ заң бұзушылықтар мемлекеттік алкоголь өнімдерін сатуға лицензия жоқ бола тұрып, есепте жоқ алкоголь өнімдерін ілеспе төлқұжаттарынсыз айналымда жүріп дүкендерде саудалау фактілері тіркеледі. Алкоголь өнімдерін лицензиясыз сақтағаны және сатқаны үшін  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 463 бабы 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, яғни кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен жүз елу айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, акцизді тауарлары тәркіленді.

Этил спирті мен алкоголь өнімдерінің ілеспе құжатсыз өткізілуі мен айналымы орын алған жағдайда жетпіс бестен алты жүз АЕК дейін айыппұл салынады және тауар тәркіленеді (ҚР ӘҚтК-нің 282 бабы, 3 тармағы, 7 тармақшасы). Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық кодексінің 214 бабы қызмет түрі міндеттелінбеген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы ірі көлемді залал келтірген жағдайда екі мыңнан бес мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлды және мүліктің тәркіленуін  қарастырады.

Алкоголь өнімін сатып алмас бұрын оның таза немесе жалған екенін кез-келген тұтынушы біле алады. Ол үшін Wipon мобильдік қосымшасын IOs, Android және WindowsPhone құрылғылары бар телефонға жүктеп алып, акциздік марканы сканерлеңіз – қосымшада алкогольдің түпнұсқалығы туралы ақпарат көрсетіледі.

 

Қарасай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

Жанама салықтарды әкішлендіру бөлімі