A - Размер шрифта A +

Навигация

Информация



Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 787

Информация

Информация

Общая

Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді

Категория: Общая
Дата: 03.05.2019
Просмотры: 66 Печать страницы
Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді

Алматы облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толықтай көшеді

  
Алматы облысының барлық аудандарында аналогтық телевизия өшіріліп, жаңа әрі тегін цифрлық форматқа көшуді жолға қоймақ. Аталмыш процесс ағымдағы жылдың 30-шы маусымында басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткізілген баспасөз-мәслихатында Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықов мәлім етті. 
Цифрлық хабар тарату 2021 жылы республиканың бүкіл аумағын қамтып, еліміз бойынша 270 радиотелевизиялық станция салынады. Бүгінгі таңда Алматы облысында цифрлық телевизиялық 10 арна болса, болашақта оның саны 30 дейін өспек. 
– «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты халыққа сапалы және көп арналы хабарды жеткізу болып табылады. Алматы облысында аналогтан цифрлық телевизияға көшуге дайындық кезінде 90 РТС (радиотелевизиялық стансалары) орнатылды. Бұл РТС саны Алматы облысының 748 елді мекенін цифрлық эфирлiк телевизиямен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Қ.Раздықов. 
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлiк телевизияға көшу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта телехабар таратудың жердегі хабар тарату желісін цифрлық форматқа көшіру Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан және Шымкент қалаларында толығымен аяқталды. 
Сондай-ақ, Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 4867 отбасы ұлттық сандық теледидар қызметіне қосылды. Айта кету керек, заманауи цифрлық хабар тарататын құрал құны 5000 теңгеден 3500 теңгеге дейін арзандаған.