A - Размер шрифта A +

Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Опросы

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 545

Информация

Проблема с файлом блока!

Рухани жаңғыру

Жерлестеріміздің жеңіске деген құлшынысы зор

Категория: Рухани жаңғыру
Дата: 22.11.2017
Просмотры: 22 Печать страницы
Жерлестеріміздің жеңіске деген құлшынысы зор

Жерлестеріміздің жеңіске деген құлшынысы зор

Таяуда Алматы облысы Талдықорған қаласында «Patriot Qazaqstan» атты спорттық-патриоттық бағыттағы реалити-шоу басталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл шараға қатысуға әр ауданнан 18 бен 22 жас аралығындағы 70-75 келі салмақта өнер көрсететін 16 боксшы таңдалып алынды. Талап бойынша қатысушылар  спорт шеберлігіне үміткер болуы тиіс еді. Ал, аталған реалити-шоу екі аптаға созылып, 3-ші желтоқсан күні мәресіне жетеді. Жарыс жолында жеңілгендер бірден жарыс жолынан шығып, финишта тек мықтылар бәсекелесетін болады. Соңында барлық сыннан сүрінбей өткен екі боксшы жұдырықтасып, кімнің жеңімпаз атанатыны анықталады.

Жалпы, жоба өз кезегінде спортты дамытуға оң ықпал етеді. Сондай-ақ, патриоттық сананы оятып, жастарды терроризм мен экстремизмге қарсы бірлесіп күресуге үндейді. Бұдан бөлек, жеңімпаз АҚШ-қа барып Геннадий Головкин, Қанат Ислам сияқты әлемді мойындатқан қазақ боксшыларымен кездесуге мүмкіндік алады. Ал, жоба авторы Бағдат Науқановтың айтуынша, бұл спорттық реалити шоудың мақсаты — саламатты өмір салтын насихаттап, спортшылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығаюын, жалпы, жасөспірімдің бокспен айналысуына қызығушылығын арттыру.

Жоғарыда айтылғандай, Жетісу өңірінің 11 ауданынан жиналған жас боксшылардың ішінде біздің Қарасай ауданының намысын қорғауға 2 спортшымыз аттанған. Атап айтсақ, оның біреуі 18 жастағы 69 келі салмақта жарысқа түсейін деп жатқан Мерлан Рабатов. Мерлан Қаскелең қаласының тұрғыны, Шамалған ауылындағы қазақ орта мектебінде 9-шы сыныпты бітіріп, Алматы қаласындағы Заң колледжінде тәлім алуда. Бокспен 6 жылдан бері айналысып, небәрі 18 жасында көптеген сайыстардың чемпионы болып, нақтылап айтқанда, облыстық чемпионатта 4 рет 1-орынды, республикалық жарыста бір рет 1-орын және 3-орынды қанжығасына байлаған. Сонымен қатар, халықаралық турнирге де шығып, 2-орынды алған. Ол осы жарысқа өзінің тынымсыз еңбегінің және көптеген жетістіктерінің  арқасында шақыру алып келгенін алға тартты. Бұдан бөлек, ол өзін дайындаған бапкері Игорь Буйлукқа да шексіз алғысын білдіруде. Иә, Мерлан болашақта кәсіпқой боксқа қадам басып, биік шыңдарды бағындырсам деп ниеттенуде. Ал, онымен бірге келген Мәдидің де өзінің жерлесі сынды, алдағы уақытта әлем чемпионы атағын алып, еліміздің даңқын асқақтатсам дейді.

Мәди Фронтбай туралы айтатын болсақ, ол Шамалған ауылының тұрғыны. Бұл спорт түрімен 9 жасынан бастап айналысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған. Мысалы, ол Серік Сәпиевтің турнирінде 2 оынды алса, Бауыржан Момышұлына арналған үлкен додада 1-орынды жеңіп алған. Ал, жыл сайын өткізілетін халықаралық Президент Кубогында 3-орынға табан тіреген. Жалпы, 75 келі салмақта сынға түсетін Мәди, небәрі 17 жаста. Шамалған орта мектебінде 11 сыныбында оқып жүріп, ол бос уақытын осы спорт түріне дайындыққа арнайды екен. Ал, осы жарысқа қатысуға келгендігі өзінің ұстазы, бапкері Сададин Усеинов арқасында екендігін мақтанышпен айтуда. Қазіргі уақытта, олар аталмыш спорттық-патриоттық бағыттағы реалити-шоудың басталуын күтіп, әртүрлі фото және видеосьемкаларға түсуде. Сонымен қатар, жаттығуларына да толық кірісіп, әлемді мойындатқан қазақ боксшылары Геннадий Головкин және Қанат Исламмен кездесуді жеңіп алуға барын салуда. 

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша спорттық-патриоттық шоуды «Жетісу» телеарнасынан күн сайын Астана уақытымен сағат 19:45-те көруге болады. Тағы бір айта кететін жәйт, бұл жобаның жүргізушісі болып танымал жас актер «Жау жүрек мың бала» фильмінің басты рөлін сомдаған Аян Өтепберген таңдалса, бас жақтықтырушы болып Алмас Жыңғылбаев сайланды.

Источник: Karasayinfo.kz